Бүгінгі жағдаймен Берлин шабуылына қатысқандардан көзі тірі 23 адам ғана қалған. Олардың бәрі де Астанада тұрады.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников ардагерлерді ТМД мемлекет басшыларының Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай ескерткіш медальдар тағайындау туралы шешім қабылдағанынан хабардар етті. Ал 2010 жылы барлық бұрынғы Кеңестік елдер үшін ортақ мерейтойлық медаль шығарылады.
Кездесу барысында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға тарихи фотосуреттердің көрмесі мен «Ресей үшін шайқас» атты деректі фильм көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті