Жарияланды: 260

Қазақстандағы танымал басы бос қыз-келіншектер

Қазақстандағы танымал басы бос қыз-келіншектер

Шоу бизнесте жүрген қыздарымыз күйеуге неге шықпай жүр

Қазақстанда тұрмыс құрмаған жалғызбасты әйелдердің саны күн санап өсіп келеді. Кейбіреулері отбасы құруға өздері асықпай жүрсе, басқасы өмірлік жарын іздеп таба алмауда. Олардың арасында қарапайым қыздармен бірге танымал шоу-бизнес өкілдері де бар. Кімдер олар? Біз жарын таппай жүрген танымал аруларымыздың тізімін жасап шықтық, деп мәләмдеді ratel.kz.

Әсел СӘДУАҚАСОВА, 32 жаста

«Дауыс International» тобының бұрынғы солисті. Топтың ішінде 11 жыл болып, сонымен қатар «Аяри» деген атпен жеке ән айтатын. «Altyn Girls» және «Кофеин» топтарының продюсері. Ол  журналистерге берген сұхбатының бірінде былай депті:  «Мен қазір 31-демін, бірақ өзімді жас сезінемін. Неке туралы менің «қамымды ойлап жүретін» адамдардың бар екенін де білемін. Оларға айтарым, бәрі өз уақытында. Оған қоса, елімізде ажырасу деген нәрсе көбейіп кетті. Бұл қорқынышты! Менің ойымша, некеге саналы түрде қарау керек».

Ділназ АХМАДИЕВА, 37 жаста

2016 жылы әнші Ахмадиева бұрыңғы күйеуінің жасаған сатқындығы туралы 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Әншінің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі өзінен жас қыздармен қыдырған. Ол тек қыдырып қана қоймай, оларға Ділназдың ешкімге айтпаған жан сыры туралы айтқан. Тіпті көңілдесінің біріне: "Мен оны (Ділназды) қалай тастаймын. Ол жасы келді əрі денсаулығы жоқ", - деп айтыпты. Осындай ауыр сатқындыққа төзе алмаған əнші ешқандай ұрыс-керіссіз ажырасып кеткенін айтады. Əншінің ендігі арманы – жаңадан отбасы құрып, бала сүю.

Ая БАПАНИ, 30 жаста

Киім дизайнері, кутюрье, ҚР суретшілер одағының мүшесі.

Ая Бапани – халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жан-тәнімен сүйетін адам. Қазір дизайнер өзінің Aya Bapani брендімен жұмыс істейді. Мұсылман әйелдері хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімдерін киюі керек деген идеяны насихаттайды.

Айсұлу ӘЗІМБАЕВА, 29 жаста

Атышулы актриса, Avon компаниясының Бренд-амбассадоры. Айсұлу түсірілім алаңында, театр сахнасында және шынайы өмірде ашық әрі адал болуға қорықпайтындар қатарынан, жұртты ерекше образдарымен таң қалдырып жүреді. Ол Лондондағы Jameson Empire Awards 2012 сыйлығын жеңіп алған «Черный лебедь» фильмінің 60 секундтық пародиясына қатысқан. «Препод» атты жастар комедиясындағы басты рөлді сомдап қана қоймай, «Үйдегі соғыс» телехикаясын және «Джокер» фильмінде түсті. Айсұлу  «Абай 45» жобасының авторларының бірі (Абай шығармашылығының интерактивті аудио кітабы).

Мақпал ИСАБЕКОВА, 34 жаста

Әнші, актриса. «SuperStar KZ» байқауына қатысып танымал бола бастады. Шығармышылығының шыңы ретінде Юрмалада жас орындаушылардың «Новая волна» халықаралық байқауындағы жеңісін айта кетуге болады. Сайыста Мақпал ресейлік көрермендердің көңілінен шығып, беделді жүлдеге ие болды. «Мен бұның өте қызықты тақырып екенін білемін, бірақ мен өз жеке өмірім туралы ешкімге ашық айтпаймын. БАҚ-та жиі кездесетін жалған ақпараттарға сабырлықпен қарауға тырысамын, егер тек ондай әңгімелер менің отбасыма зардабын келтірмесе. Бірақ уайымдайтындай ештеңе жоқ, себебі менде онсызда бәрі жақсы!», - дейді әнші.

Кәмшат ЖОЛДЫБАЕВА, 29 жас

Әнші, актриса. «Kesh You» тобының бұрынғы әншісі, «Ғашық жүрек» телехикаясындағы рөлімен аты шықты. Сонымен қатар, «Парыз» фильмінде басты кейіпкерді сомдады.

Гүлнар СИЛБАЕВА, 31 жаста

Актриса. Ұзақ уақыт бойы КВН Жоғары Лигасына қатысқан қазақстандық топтардың ішінде жалғыз қыз бала. Бірінші арнадағы «Добрый вечер Казахстан» телевизиялық жобасының авторы. 31-арнада «Әзіл-студио» телевизиялық жобасының актрисасы. «Базарбаевтар» сериалында ойнаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть