Қазақстандағы түрмелердің бірінде жоғары оқу орны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы түрмелердің бірінде жоғары оқу орны ашылады

Қазақстандағы түрмелердің бірінде жоғары оқу орны ашылады

Бұдан былай қазақстандық сотталушылар колония қабырғасында жүріп-ақ жоғары білім алу мүмкіндігін пайдалана алады.

  • 7 Маусым 2021
  • 268
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдағы уақытта қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеушілер жоғары білімге ие бола алады. Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған осындай жоба аясында сотталушылар бакалавр дәрежесін алып шығады.

"Маңғыстау облысындағы қауіпсіздігі жоғары ГМ-172/6 мекемесінің сотталушыларына арнаулы орта білім ғана емес, сонымен қатар қашықтан оқу арқылы жоғары білім алуға да мүмкіндік берілді. Бұдан былай сотталушылар қазақстандық көлік және логистика академиясының оқу бағдарламасын меңгеріп, маман атанып шыға алады", – деп хабарлайды қылмыстық тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орнына түсу үшін сотталушылар қарапайым талапкерлер сияқты процедурадан өтуі керек болады. Оқу ақысы төленеді, бір жылдық құны – 400 мың теңгені құрайды.


Қазір 10-нан астам сотталушы – талапкерлер академияға түсу емтихандарына дайындалып жатыр. Ал қабылдау комиссиясы жаздың соңына қарай құжаттарды қарауға кіріседі.

Оқу негізінен көлік және техникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Осы күндері колония әкімшілігі оқу үдерісіне техникалық қолдау көрсетуге дайындық жұмыстарын пысықтауда.

Соңғы жаңалықтар