Жарияланды: 510

Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді

Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осылай мәлім етті.

«Қазақстан Еуразиялық құрылықтың 272 млн. гектарға тең аумағын алып жатыр. Сондай-ақ, жер көлемі бойынша ең ірі 10 мемлекеттің құрамына кіреді. Ал, еліміздің бір тұрғынына шаққанда тиетін жер 17 гектарға тең болса, оның ішінде әрбір тұрғын 1,5 гектар егістік жерімен қамтамасыз етілетінін айта кету керек. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады»,-деді Қ. Отарбаев. Агенттік төрағасының айтуынша, елімізде жер қорының 7 жер санаты бар. Осының өзі жердің ел экономикасының қай саласында да болса да үлкен әлеуетке ие екендігін білдіреді. «Осы жерлердің тек 4 санатының бағалау құны 4,5 трлн. теңгені құрайды»,-деді Қ. Отаров.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін