"Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заң қабылданды
Бүгін, 1-сәуірде өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. |
Республиканы аталмыш келісімге біріктіруде әдеби, ғылыми және көркемдік шығармалар бойынша авторлық құқықты сенімді қорғау жағдайын қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Келісімнің 7-бабы, 1-тармағына сәйкес, авторлар өз шығармалары мен туындыларының түпнұсқасы мен көшірме нұсқаларын көрермен назарына ұсыну үшін коммерциялық прокатқа шығаруға рұқсат беруде ерекше құқыққа ие деп көрсетілген.
Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін