Қазақстандық 1383 теңге қарызына байланысты банкроттыққа арыз берген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 1383 теңге қарызына байланысты банкроттыққа арыз берген

Қазақстандық 1383 теңге қарызына байланысты банкроттыққа арыз берген

Қазақстанда tazalau.qoldau.kz сайты ашылды, онда соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалануды ұйғарған борышкерлер туралы ақпарат берілген.

  • 4 Сәуiр 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сайттағы ең төменгі қарыз сомасы — 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.

Өз кезегінде ең көп қарыз сомасы — 282 миллион 784 мың 016 теңге. Бұл ақпартты банкроттық туралы арыз берген Алматы облысының тұрғыны көрсеткен. Сондай-ақ, 208 миллион, 106 миллион, 73 миллион теңге және одан да төмен қарыздар кездеседі. 
Бұл ретте, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе биылға 5 520 000 теңге болады.

Соңғы жаңалықтар