Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды

Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды

Қазақстандық әнші Назым Жәнібекова Ресейдің ТНТ арнасындағы «Песни» шоуына қатысуда. Байқауда ән орындаған әнші төрешілерді таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

  • 18 Наурыз 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

Назым Жәнібекова «Песни» шоуында Жак Халибтің «Мамасита» әнін орындап шықты. Рэпті шебер орындаған әнші төрешілерді таңғалдырды.

Нәтижесінде үш төреші де әншіні қолдап, келесі кезеңге жолдама берді.

«Мені қолдаған баршаңызға алғыс білдіремін! Сіздердің ықыласқа толы сөздеріңізді оқыдым. Шексіз бақыттымын. Алақай, мен өттім. Небары «иә» деген 3 сөз сенің өміріңді өзгертуі мүмкін. Бақыттан көзіме жас үйірілді. Керемет шоуды ұйымдастырушыларға және маған келесі айналымға жолдама бергендерге алғысым шексіз!» – деп жазды Жәнібекова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, танымал шоуда Максим Фадеев, Тимати, Павел Воля төрешілік етті.

Соңғы жаңалықтар