Қазақстандық әуе компаниялары 2020 жылға қарай шетелдік ұшқыштардың қызметін керек етпейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әуе компаниялары 2020 жылға қарай шетелдік ұшқыштардың қызметін керек етпейтін болады

Қазақстандық әуе компаниялары 2020 жылға қарай шетелдік ұшқыштардың қызметін керек етпейтін болады

Қазақстандық әуе компаниялары 2020 жылға қарай штатын толықтай отандық ұшқыштардан құрамақ,

  • 29 Тамыз 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады республиканың инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

"Алға қойып отырған міндетіміз, 2018 жылға қарай ұшқыштардың 80% Қазақстаннан болуға тиіс, 2020 жылға қарай — 100%", деді ол премьер-министрдің сайтында берілген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұшқыштардың тапшылығы мәселесі тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемде өзекті мәселе.

"Жоғары класты ұшқышты дайындау үшін белгілі бір материалдық ресурс, уақыт керек. Сол себепті қазір біздегі ұшқыштардың 65% қазақстандық, 35% -шетелдік", деді Б.Сейдахметов.

Отандық кадрларды дайындау мақсатында Алматыда Азаматтық аваиация базасында ұшқыштарды дайындаудың жаңа заманауи бағдарламалары әзірленген.


"Бірінші рет академияның материалды-техникалық базасын жақсарту үшін оқу ұшақтарын алуға 1 млрд 700 млн теңге бөлінген", деді ол.

12 қазақстандық студент финдік нұсқаушылардан дайындықтан өтті, деді ол.