Қазақстандық азамат бір жылдың ішінде әлемді велосипедпен шарлап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық азамат бір жылдың ішінде әлемді велосипедпен шарлап өтті

Қазақстандық азамат бір жылдың ішінде әлемді велосипедпен шарлап өтті

Алматыдан өткен жылы 1-мамыр күні велосипедпен шыққан Мағжан Сағымбаевтың "Bike The Earth" жер шарын шарлап өту жобасы аяқталуға таяу.

  • 15 Мамыр 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz


Бір жылдың ішінде саяхатшы әлемнің 22 елі арқылы 40 мың шақырымды жүріп өтті, делінген жұмада Қазақ географиялық қоғамынан таралған ақпаратта.
"Bike The Earth" жобасының мақсаты салауатты өмір салтына , ғылымға ықпал ету, делінген онда. Жоба адамдардың назарын велотуризм мен өзге елдердің мәдениеттерін зерттеуге аударуға бағытталған.
Сенбі күні велосаяхатшыны Алматыда салтанатты түрде қарсы алатын болады.