Жарияланды: 220

Қазақстандық азамат Петербордағы қонақүйде тіркелмек болған кезінде ажал құшты

Қазақстандық азамат Петербордағы қонақүйде тіркелмек болған кезінде ажал құшты

Қазақстанның 53 жастағы азаматы Петербор орталығындағы қонақүйде тіркеліп жатқан шақта кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды konkretno.ru.

Төтенше жағдай Мәскеу уақытымен сағат 15:40 шамасында, Лермонтов даңғылындағы «Азимут» қонақүйінде, келушінің қонақүйге жайғасу үшін тіркеліп тұрған сәтте орын алған.

 Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері өлім фактісін тіркеді.

Қолда бар ақпарат бойынша, ер адам Петерборға жүрегіне ота жасату үшін келген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін