Қазақстандық депутаттар каникулға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық депутаттар каникулға шықты

Қазақстандық депутаттар каникулға шықты

Қазақстан Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 29 Маусым 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин каникулдың басталғанын мәлімдеді.

"Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері мен шақырылған қонақтар. Біз Қазақстан Республикасы Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясын аяқтап жатырмыз. Бұл алда жоспарлаған мақсаттарымыз үшін маңызды сәт. Үшінші сессия өте маңызды әрі тарихи уақытқа келді — Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төраға болды. Елімізде EXPO-2017 кормесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, елордамызды Сирядағы жағдайды реттеуге бағытталған процестер өтті. Қазақстан келісімшарттар үшін әлемдік алаңға айналды. Осы оқиғалардың барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі мен оның ішкі және сыртқы саясатының арқасында", — деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, ол үшінші сессия кезінде екі палатада 129 заң жобасы қаралып, оның 84-і қабылданғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы 65 заң жобасына қол қойып, ол заңдар өз күшіне енген.


 

Соңғы жаңалықтар