Қазақстандық дипломаттар Чехияда қалған азаматтарымызға көмек көрсету үшін жолға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дипломаттар Чехияда қалған азаматтарымызға көмек көрсету үшін жолға шықты

Қазақстандық дипломаттар Чехияда қалған азаматтарымызға көмек көрсету үшін жолға шықты

Чехия коронавирустың таралуына тап болған көптеген елдердің бірі болып табылады. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін үнемі таусылмайтын туристтердің ағымына үйренген Чехия көшелері бір сәтте босап қалды.

  • 29 Наурыз 2020
  • 69
Фото - Caravan.kz

Таңертеңнен бастап қазақстандық дипломаттар осы елде қалған біздің азаматтарымызға көмек көрсету үшін жолға шығады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Отандастарымыз Чехияның әртүрлі қалаларында мекендейді, сондықтан бір орында бағыт құру қажет. Бүгін Қазақстан Республикасының Елшісі Тәжин Марат Мұханбетқазыұлының тапсырмасы бойынша қазақстандық дипломаттар Прагадан 120 шақырым км орналасқан кішігірім Бехин қаласына орта мектепте білім алатын жас азаматтарды осы қаладан эвакуациялау үшін жолғашықты.Балалардың кейбіреуіне жақында ғана 16 жас толды. Мектеп бітіргеннен кейін олар Праганың жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр, ал қазір елге оралғылары келіп тұр.

Вирус барлығына аяусыз, ал шет елде жас балалар ерекше қамқорлықты талап етеді.Оларға Прагаға дейін автовокзал немесе қала ішіндегі көлікпен жету қауіпті болар еді. Вируспен жұғуға қауіпті.

Барлық балаларға қорғау маскілерберілді. Балалардың барлық заттары көлікке артылғаннан кейін көлік тікелей Прагадағы халықаралық әуежайға жол тартты. Жолдар әбден бос, кейде бағыттас көлікті көруге болады. Елде өмір тоқтап қалған сияқты.

Прага әуежайы босап қалғанын көруге болады. Шетел азаматтарды қайтару үшін ғана санаулы рейстер ұшуда. Чехия азаматтарына өз елінен кетуге тиым салынған. Төтенше жағдай мен карантин енгізілген.


Осы кезде «Белавиа» әуекомпаниясының Прага-Минск рейсіне тіркеу мен отырғызу жұмысы басталды. Бүгінгі күні Чехиядан Қазақстанға жету үшін бұл жалғыз ғана бағыт болып табылады. Басқа рейске тіркеу пунктері жабық. Көптеген адамдар өздерінің рейстерін күтуде, үнемі рейсті кейінге қалдырады.Жас азаматтарға Бехин қаласынан Прагаға дейін әдеттегі күндері де жету қиын болып тұр. Ең алдымен бір қалаға жетіп, сол қаладан электричкаға отыру керек

Отандастарымыздың елшілік қызметкерлеріне алғысы шексіз:

— Біздің балаларымыздың Қазақстанға оралуына толықтай қолдау көрсеткен чехиялық достар мен әріптестерге алғысымызды білдіреміз,- деді Юлия Севостьянова.

 

Соңғы жаңалықтар