Қазақстандық ерлердің көпшілігі 8 наурызда әйелдерге гүл мен косметика сыйламақ – сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ерлердің көпшілігі 8 наурызда әйелдерге гүл мен косметика сыйламақ – сауалнама

Қазақстандық ерлердің көпшілігі 8 наурызда әйелдерге гүл мен косметика сыйламақ – сауалнама

"Kompetenz" СК ақпараттық-талдау орталығы өткізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтар 8 наурызда жүрегіне жақын нәзік жандарға сыйлық алуға орта есеппен алғанда 9360 теңге жұмсауға дайын.

  • 4 Наурыз 2020
  • 770
Фото - Caravan.kz

Сауалнама қорытындысына сәйкес, ерлердің көбісі (34%) әйелдерге гүл, 19% – иіссу мен косметика түрлерін, 12% – тұрмыстық технику мен заманауи гаджеттер, 11% – сыйлық сертификаттар, 4% – әшекейлер мен бағалы бұйымдар, 2% – туристік жолдама, 0,5% – көлік, 4% — басқа нәрселер сыйлайды.

Респонденттердің 13,5%-ы мүлде сыйлық тарту етпейді.

Сауалнамаға қаржы саласының 24 пен 60 жас аралығындағы қызметкерлері қатысқан.

Ал, Қазақстан әйелдерінің ең қалаулы сыйлығы гүл екен. Респондент әйелдердің 51% гүл алғанды жақсы көретінін мәлімдеген.


Одан кейінгі орында иіссулар мен косметика (19%), үшінші орында – әшекей бұйымдар (11%), төртінші сыйлық сертификаттар (8%), бесінші орында тұрмыстық техника мен гаджеттер, содан кейін туристік жолдама (3%), делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар