Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады

Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады

Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда апатқа ұшырады. Оның әкесі мен ұлы көз жұмды, Ильяның өзі ауруханаға түсті

  • 14 Қазан 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

 Қазақстандық футболшы Илья Байтеряков Семей – Өскемен тасжолында апатқа ұшырап, оның әкесі мен кіші ұлы көз жұмды, деп хабарлады танымал журналист Айдын Қожахмет.

"Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады. Ильяның өзі жүргізген көлік Семей-Өскемен тасжолында аударылып кеткен. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден қайтыс болды. Илья мен тұңғыш ұлы ауыр халде жатыр", — деп жазды Айдын Қожамет өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, Илья Байтеряков комада. Апат кезінде футболшының анасы мен әйелі де зардап шеккен.


Илья Байтеряков әр жылдары "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток", "Атырау" футбол клубтарында ойнаған. Қазақстанның жоғары лигасында 45 матч өткізіп, 86 гол жіберген. Бірінші лигада шамамен 150 матчқа қатысқан.

 

Соңғы жаңалықтар