Жарияланды: 530

Қазақстандық ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясына 2009 жылдың қазанында ұшады - Мұсабаев

Байқоңыр. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясына 2009 жылдың қазанында ұшады. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының ашылуында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі

"Новости космонавтики" журналының ақпаратына сілтеме жасап. "Қазір ұшу келісім-шартын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның қаржылық жағын жеке кездесу барысында талқылауды ұсынамын", - деді Т. Мұсабаев Роскосмос жетекшісі Анатолий Перминовқа қаратып айтқан сөзінде. "Новостей космонавтики" ақпаратына сәйкес, "төрт адамнан құралған ұлттық ғарышкерлер отряды Қазақстанда 2002 жылдың желтоқсан айында құрылды. Ал 2003 жылдың маусымынан бастап екі үміткер - Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов - ресейлік ғарышкерлермен бірге дайындыққа кірісті. 2005 жылдың шілде айында екеуі де "ғарышкер- сынақшы" деген квалификацияға ие болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін