Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты

Менталды арифметика бойынша ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік рекордтар кітабына енгізілді.

  • 3 Қазан 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Ақтау қаласының алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд орнатқан команда құрамында болды, деп хабарлайды "Хабар 24"

26 минут, 26 секунд және 12 миллисекундта балалар 30 мың есеп шешкен. Сайыс Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында Ресейде өтіпті, әлемнің түпкір-түпкірінен 150 оқушы қыз қатысқан.

Орынгүл Арыстан менталды математикамен бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Арифметикалық есептерді тез шешу қабілетінің арқасында Орынгүл "калькулятор қыз" деген атқа ие болған.

Оқушының айтуынша, байқауға бір ай бойы дайындалып, күніне екі сағат есеп шешкен көрінеді.


"Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Эстафета кезінде бір-бірімізге қарындаш бере отырып, мысалдарды орындадық", — дейді Орынгүл Арыстан.

Менталды арифметика бойынша оқытушы Қарлығаш Әбдірайымованың сөзіне сүйенсек, тарихтағы ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік және Азиялық рекордтар кітаптарына жазылған.

Ал, бір қызығы, қыз бала болашақта математик емес, дәрігер болуды армандайды екен.

Соңғы жаңалықтар