Қазақстандық Ілияс Тохтархан есімді 10-жасар бала өзінің математикалық тапсырмаларды ешнәрсенің көмегінсіз, тек қана оймен, әрі жылдам есептеу қабілетімен "Таңғажайып адамдар" атты ресейлік телебағдарламаның қазылар алқасы мен көрермендерін таң қалдырды, деп жазады Caravan.kz.
Алдымен Ілиясқа екі таңбалы сандарды қосу тапсырмасы берілді. Кейін үш таңбалы сандарға ауысты. Ең соңында Ілияс екі таңбалы санды еселеу тапсырмасын орындады. Бала есепті жылдам әрі еш қателеспей шығарып, қазылар алқасы мен көрермендердің ықыласына бөленді.