Қазақстандық кәсіпкерлер шағын және орта бизнес саласын реттеуші заңнамаларды жаңалауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кәсіпкерлер шағын және орта бизнес саласын реттеуші заңнамаларды жаңалауды ұсынады

Қазақстандық кәсіпкерлер шағын және орта бизнес саласын реттеуші заңнамаларды жаңалауды ұсынады

Қазақстандық кәсіпкерлер 31-қазанда Астанада өтетін Қазақстан кәсіпкерлерінің XI форумы қарсаңында ҚР үкімет басшысы мен жоғарғы сот төрағасына шағын және орта бизнес саласын реттеуші заңнамаларды жаңалауды ұсынып жолдау жіберді. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімшілігінің шағын және ота бизнес департаментінің директоры Серік Тұржанов хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 549
Фото - Caravan.kz

Жолдауда атап көрсетілгеніндей, орта тап өкілдерін қалыптастыруға негіз ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беру саясаты жүзеге асырылады деп мемлекет басшысы тарапынан ресми түрде жарияланғанына қарамастан күні бүгінге дейін нағыз дәйекті шара қолданылмай отыр.

Мәселен, жолдауда атап көрсетілгеніндей, нақты іс жүзінде мемлекеттік органдар шағын және орта бизнесті дамытуға бөгет келтіретін әкімшілік шаралармен аяқтан шалса, қолданыстағы заңнамалар нарықтық экономиканы дамытуға түркі емес , керісінше тежегіш ролін атқаруда, ал қабылданып жатқан құқықтық-нормативтік актілер жергілікті жерлерде ұдайы орындала бермейді. Бұлардың барлығы, кәсіпкерлердің пікірінше, реформаларды тереңдету процессін баяулату арқылы жалпы ел экономикасын дамытуға тосқауыл болуда.
Қазақстандық кәсіпкерлер өз жолдауында ҚР қаржы министріне қаржылық есеп беру стандарттарын қайтадан қарауды, жаңадан іске кіріскен шағын кәсіпорындарды 3 жылға корпоративтік салықтан босатуды, ал ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне салық салу жүйесін жетілдіруді, ҚР әділет министрлігіне заңды тұлғаларды тіркеу процедурасын өзгертуді ұсынады.
Сондай-ақ, ҚР үкімет басшысына арнаған жолдауында кәсіпкерлер 2004-жылды «Кәсіпкерлік жылы» деп жариялау мүмкіндіктерін қарауды өтінді.

Соңғы жаңалықтар