Жарияланды: 450

Қазақстандық кәсіпорындарды жетілдіру бағдарламасына 2011-ші жылы 250 компания қатысады

Қазақстанда кәсіпорындарды модернизациялау бағдарламасында 2011-ші жылы 250-дей компания қатысады деп күтілуде, деп «Қазақсатан даму және индустрия институты» АҚ (ҚИДИ) президенті Мейрам Қажыкен мәлім етті.

«Біздің болжамдарымызша, 2011-ші жылы кәсіпорындарды модернизациялау бағдарламасына қатысу туралы кәсіпкерлерден 250-дей жоспар келіп түседі деп күтілуде», деді ол дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпорындарды жетілдіруге деген 98 кешенді бағдарлама келіп түскен. «Жоспарлар $10 млн және одан да жоғары сомаларға келіп жатыр. Бағдарлама мәнісі – қолдаудың ауқымдығында, мейлінше көп кәсіпорындарды қамту керек… Біз шешпекші ең басты міндет - негізгі қорларды жаңарту және маркетинтік-сату бөлімдерін модернизациялау», - деді ол. ҚИДИ басшысының айтуынша, кешенді жоспар талабын ведомствоаралық комиссия мақұлдап және «ол институт сайтында жарияланды». Еске салсақ, 2011-ші жылы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялаудың «Өнімділік – 2020» («Производительность-2020») бағдарламасы бастау алды. 2011-ші жылы бағдарламаны іске асыруға мемлекет Т19,9 млрд қаражат бөліп қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін