Форум ұйымдастырушысы — «IEG Uzbekistan» көрме компаниясының хабарлауынша, шараға Германия, Италия, Швейцария, Пәкiстан, БАӘ, Иран, Түркия, Чехия, Нидерланды және Польшадан 50-ден астам кәсiпорын қатысуда.
Қазақстан атынан «Минова Қазақстан» мен «Tekri» компаниялары өз өнiмдерiн алып келген. «Минова Қазақстан» ЖШС басшысы Петр Оленченконың сөзiне қарағанда, қазақстандық компания Ташкенттегi форумға осымен екiншi рет келiп отыр. Ол «Қазақмыс», «Арселор Миттал Темиртау» сынды тау-кен компанияларына өндiрiстiк құрал-жабдықтар шығарумен айналысады.
"Бiздің Өзбекстанда жұмыс тәжiрибеміз бар. Былтыр бiз ресейлiк компаниямен бiрге жер асты суының сыртқа атқылауын бiздiң құрылғының арқасында тоқтатан болатынбыз. Өкiнiшке орай, Өзбекстанда, Тәжiкстанда, Қырғызстанда бiздiң технологиялар игерiлмеген. Соған байланысты өзбек компанияларымен бiрге байланыстар орнатсақ деймiз", — деп атап өттi ол.
Ташкенттiң Өзэкспоорталығында өтiп жатқан көрме 28 наурызға дейiн жалғаспақ.