Жарияланды: 390

Қазақстандық мейрамханаларға Қытайдан жылан мен жарқанат еті тасымалданып жатқаны рас па?

Қазақстандық мейрамханаларға Қытайдан жылан мен жарқанат еті тасымалданып жатқаны рас па? Сурет - Stan.kz

Қазақстандық қоғам белсендісі Милатхан Айтқалиұлы еліміздегі мейрамханалар үшін Қытайдан жарқанаттар мен жыландарды әлі тасымалдауда деп дабыл қақты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның коронавирус мәселесіне қатты алаңдап отырғаны аңғарылды. Билік аурудың басқа елдерге таралып кеткендігінен қорқып сақтық шараларына бір жарым миллиард теңге бөлген еді. Бұл ақша медициналық бетперде мен басқа да қажетті құралдарға жұмсалады. Яғни қаражаттың барлығы  қытайлық індеттің таралмауының алдын алу үшін жұмсалады. Бүгінгі күннің өзінде сырқаттан көз жұмғандардың саны 221 жетіп отыр екен. 

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, аспан асты елінде бірнеше жүзден астам қазақстандық турист қалып қойған. Ол жақтағы отандық қызметкерлер мен студенттер тағы бар. Шенеунік Қытайдан елімізге оралғандардың барлығы екі апта ауруханаға жатқызылып ем алғаннан кейін бірақ сыртқа шығарылатындығын жеткізіп отыр. 

"Денсаулықтарынан еш кінәрат табылмаса да, оларға бірнеше медициналық сараптамалар жүргізіп, қандарын тексеретін боламыз. Содан кейін ауруханадан бір-ақ шығарамыз. Егер ауруды жұқтырғандар анықталса, оларды міндетті түрде емдейтін боламыз. Әуежайларда Қытайдан келген азаматтарға ешкімнің де жолауына тыйым салынған. Оларды басқаларынан алшақтатып барып, ем шараларын тағайындаймыз", - деді Сапарбаев.

Бұған қоса Қытайдан шыққан қауіпті дерт туралы ақпарат тарағалы халық арасында үрей басым көрінеді. Мысалы 30 қаңтар күні Алматы облысының тұрғыны Алматыда 70 адам коронавирусты жұқтырған деген жалған ақпарат тартыпты. Түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сан-алуан хабарлама тарауда. Осындай хабарлармалардың бірінде «Қытай мейрамханаларынан тамақтанбаңыздар» деген аудио тарады. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Қытайдан келген қандасымыздың бірі Милатхан Айтқалиұлының айтуынша, ірі қалалардағы қытай мейрамханаларына қауіпті тағам түсуі әбден мүмкін. Өйткені, экзотикалық тағамдардың дені, бұл асханаларға Қытайдан жеткізіледі екен.

"Өздерінің отандық өнімдерін сыртқа сатуды бағыт етеді. Барлығын, ішетін суларына дейін сатып әкеліп отырған компанияларға дейін сөйтіп отырған кезде, асханалар.Бізде жоқ ол. Бізде сатылмайды ғой ондай теңіз өнімдері немесе жаңағы әр түрдегі тиым етілген біз білмейтін нәрселердің бәрін ұстап аулап әкеліп жүр", - деді "Нағыз Атажұрт" қоғамдық ұйымының белсендісі Милатхан Айтқалиұлы. 

Дегенмен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірнеше Қытай мейрамханалар бұл тақырыпқа байланысты сұхбат беруден бас тартты. Бірақ олар коронавирус туралы ақпарат шыққалы бері мейрамханаларда тамақтанатын адамдардың саны екі есеге азайғанын растады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін