Жарияланды: 11000

Қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевті соққыға жықты

Қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевті соққыға жықты

Қазақстандық рэп-орындаушы Жан Ахмадиев өз үйінің жанында соққы жеді, - деп хабарлайды http://today.kz/, 

Жәбірленушінің айтуы бойынша оқиға бесінші тамызда кешкі сағат 22.00 де болған.
"Мен үйге кеш қайттым, кешкі сағат ондар шамасы болатын. Машинаны гаражға қойып жатқанымда үш жігіттің темекі шегіп тұрғанын байқадым. Олар менің аты жөнімді айтып өздеріне шақырды. Олар мені танығанына таң қалдым, себебі ол жер өте қараңғы болатын. Олар менен темекі сұрады, мен темекі шекпейтінімді айттым. Содан кейін, арасынан біреуі маған қарай жақындап бетімнен тепті, мен құладым, содан олар үшеуі де мені тепкілей бастады. (…) Менің ойымша бұл тапсырыс, себебі олар кәсіпқойлар болатын", деді рэп-орындаушы.

Оның айтуынша, соққы жасағандар шап тұсынан яғни аяғына пышақ салған. "Мен жатқан кезде, олар маған пышақ көрсетіп "саған сәлем" деді. Пышақты аяғыма сұғып салды", - дейді рэпер.

Жан Ахмадиев, бұл соққы шығармашылығына байланысты екеніне сенімді. Алайда мұны жасаушылар Әліби Жұмағұловтың жақтастары деген ойдан аулақ. Естеріңізге сала кетейік, өзінің "Қазақпыз ғой" клипінде Жан Ахмадиев Әлібидің ісі жөнінде жақсы емес пікір қалдырған болатын.

Жан Ахмадиев оқиға туралы Алматы қаласының ІІД шағым түсірген. Оның мәліметі бойынша, әзірше полиция ешкімді ұстамаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін