Қазақстандық саяхатшы Замбиядағы биіктігі 175 метрлік сарқырамадан секірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық саяхатшы Замбиядағы биіктігі 175 метрлік сарқырамадан секірді

Қазақстандық саяхатшы Замбиядағы биіктігі 175 метрлік сарқырамадан секірді

ЕХРО-2017 көрмесін насихаттау мақсатында әлемнің түпкір-түпкірін шарлап жүрген қазақстандық

  • 1 Сәуiр 2014
  • 623
Фото - Caravan.kz

байкер Дмитрий Петрухин Замбиядағы Виктория сарқырамасынан секірді.

57 жастағы саяхатшы арқасына Қазақстанның мемлекеттік жалауын іліп, 175 метрлік биіктіктен секірді.

«Тарихта жалаумен бірге сарқырамадан секірген тұңғыш адам – Қазақстан азаматы болып отыр. Мен мұны ЕХРО көрмесін және өз отанымды жұртшылыққа таныту үшін жасадым», — деді ол сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

Д.Петрухин бұл сәтті ұялы телефонның камерасына түсіріп те үлгерген көрінеді.


Африка құрлығында мотосеруен шеңберінде Д.Петрухин Замбияның PROEXPORT сауда-өнеркәсіп палатысы департаментінің директоры Виктория Линингспен және осы елдің Спорт вице-министрі Омбени Ниянгемен кездесті.