Жарияланды: 660

Қазақстандық шекарашылар бойжеткенді жыныстық құлдықтан құтқарды

Қазақстандық шекарашылар бойжеткенді жыныстық құлдықтан құтқарды

Ақтөбе облысының шекарашылары біреулердің күш көрсетуімен шетелге жезөкшелікпен айналысуға кетіп бара жатқан бойжеткенді құтқарып қалды.

ҰҚК Шекара қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, "Жайсаң-авто" бақылау бекетінде Ақтөбе-Орынбор бағытына қатынайтын автобустың 19 жасар жолаушысы құжаттарының арасына "Көмектесіңдер" деп жазылған қағаз салып берген.
Құжаттарында шикілік бар деген сылтаумен шекаралар оны автобустан түсіріп алып қалады.
Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз екі еркек қызды қорқытып автобусқа билет алуға мəжбүрлеген. Олардың тапсырмасы бойынша қыз Ресейге барып жезөкшелікпен айналысуы тиіс болатын. Ұялы телефонын тартып алған олар автобуста қызды сырттай бақылайтын адамдар болатынын айтқан көрінеді.
Бұл туралы полицияға хабарланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін