Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде заң бұзған бес адамды құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде заң бұзған бес адамды құрықтады

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде заң бұзған бес адамды құрықтады

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде байда қайығына мінген 5 адам қолға түсті. Оларды «Жағалау күзеті» аймақтық басқармасының шекарашылары құрықтады, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.

  • 28 Тамыз 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz


«Семсер» кемесінің экипажы теңізде мемлекеттік шекараны өткізу бекетінен тыс жерден кесіп өткен «байда» қайығын байқап қалған.

«Заң бұзушылар қашып құтыла алмады. «Ямаха-200» қозғалтқышы салынған қайықтағы бес адам Жанбай ауылының тұрғындары екен. Олардың қолында жеке басынан куәландыратын құжат пен қайықтың құжаттары жоқ болып шықты», — делінген хабарламада.