«Әлімбет» бақылау пунктінің шекарашылары Ресейге тіркемесі бар "Камазбен" өтпек болған қазақстандық және ресейлік азаматтарды ұстады, делінген жұмада таралған ақпаратта.
"Көлікті қарау кезінде ол жерден құжаттары жоқ әрқайсысы 11 метрлік теміржол рельстерінің 50 данасы шықты», делінген онда. Бұл факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына өткізілді.