«Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінде Өзбекстанға жаяу бет алған Қазақстанның азаматы ұсталды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Оны тексеру барысында одан 7750,10 мың теңге және 300 мың өзбек сомы көлеміндегі контарабандалық ақша табылған.
Сонымен қатар, қазақстан-ресей шекарасында «Қайрақ авто» блімшесінде Ресейге «Мерседес» көлігімен бет алған Қазақстан азаматы құрықталған. «Тексеру барысында шекарашылар көліктің ішінен 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі декларацияда көрсетілмеген соманы тапқан»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ «Қайрақ теміржолы» пуктінің шекарашылары Астана — Санкт-Петербург бағытындағы поезді тексеру барысында Қазақстанның тағы бір азаматын ұстаған. «Одан тексеруден тығылған 9 мың ресей рублі мен 10 мың АҚШ доллары табылған»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті