Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізі акваториясында 1-сәуірден бастап жауынгерлік кезекшілікке шыққан «Сардар» шекарашылар кораблі Ресей Федерациясының 4 азаматы отырған «Байда» маркалы шағын кемені ұстады.
«»Байданы» тексеру кезінде шекарашылар 120 килограмм шамасындағы бекіре тұқымдас балықтарды тапты», — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандар жағалауға жеткізілді. Қазір Ресей азаматтарының Қазақстан аумақтық суларында заңсыз балық аулау дерегі тексеріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті