Қазақстандық шекарашылар ресейлік браконьерлерді ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар ресейлік браконьерлерді ұстады

Қазақстандық шекарашылар ресейлік браконьерлерді ұстады

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар ресейлік төрт браконьерден бекіре тұқымдас 200 килограмм балық, 8 дана итбалық терісі, 50 метр охан аулары, спутниктік навигациялық құралдарды тәркіледі. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 544
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінің айдынында 6 сәуірден бері жауынгерлік кезекшілікте жүрген «Сардар» шекарашылар кораблі Ресей Федерациясының төрт азаматы мінген шағын кемені ұстады.

«Байда кемесін тексеру барысында шекарашылар бекіре тұқымдас 200 килограмм балық, 8 дана итбалық терісі, 50 метр охан аулары, спутниктік навигациялық құралдарды тәркіледі «, -деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталғандар Баутино ауылындағы бухтаға жағалауға жеткізілді. Қазір Ресей азаматтарының Қазақстанның аумақтық суларында заңсыз балық аулау дерегі бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті