Қазақстандық студенттер алғаш рет парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық студенттер алғаш рет парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионатына қатысады

Қазақстандық студенттер алғаш рет парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионатына қатысады

18-24 тамыз күндері Хорватияның Загреб қаласында университеттер арасындағы парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионаты өтеді. Оған елорданың «Орда» пікірсайыс клубының мүшелері қатысады,

  • 18 Тамыз 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz

   деп хабарлады Қазақ гуманитарлық-заң университетінің баспасөз қызметінен.

«Университеттер арасындағы парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионаты әлемдегі ең мәртебелі пікірсайыстардың бірі. Онда Еуропаның беделді жоғары оқу орындарының үздік студенттері бас қосады. Ағымдағы жылы мұндай ауқымдағы шараға алған рет Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенттері Диляра Аленова мен Ұлпан Қабиева қатысады», — делінген хабарламада.

Университеттің хабарлауынша, турнир барысында қатысушылар адам құқықтарын сақтау құндылықтарынан бастап, саяси аренадағы соңғы оқиғалардың шешімін іздеуге дейінгі қазіргі заманның өзекті проблемаларын талқыға салады.