Жарияланды: 20

Қазақстандық театр әртістері ҚР РФ Елшілігінің қонақтары болды

Қазақстандық театр әртістері ҚР РФ Елшілігінің қонақтары болды

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының (Нұр-Сұлтан) әртістері келді.

Ұжым Мәскеуге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ХІХ "Золотой Витязь" халықаралық театр форумына қатысу үшін келген. Жақында "ГИТИС" оқу театрында олар Василий Шукшиннің әңгімелері бойынша сахналанған "Светлые думы" қойылымын ұсынды. 2021 жылы театрдың алғашқы премьерасы болған қойылымды театр сыншылары сәтті қабылдап, көрермендердің шынайы ықыласына бөленді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Дипломаттар әртістерге тамаша өнерлері мен мәскеулік көрермендерге жеткізген жағымды көңіл-күйлері үшін алғыс айтып, жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Олардың айтуынша, мұндай жобалар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен халықтық дипломатия деп аталатын саланы дамытуға, бейресми, тұлғааралық байланыстарды нығайтуға, қазақ мәдениетін насихаттауға баға жетпес үлес қосуда.

Өз кезегінде, әртістер жылы шыраймен қарсы алғаны және көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдіріп, ағымдағы шығармашылық қызметі туралы айтып, болашаққа арналған жоспарлары мен жобаларымен бөлісті.

Елшілікті аралау барысында қонақтар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тарихы мұражайының экспозициясымен де танысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін