Жарияланды: 1300

Қазақстандық "VITA" компаниясы ТМД және Еуропа рыногіне соя өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстандық "VITA" компаниясы таяу уақыттарда ТМД және Еуропа рыногіне соя өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы "VITA" ААҚ-ның вице-президенті Петр Потапов 14-шілдеде Алматыда хабарлады.

Қазір компания Қазақстан даму банкінің жобаға арнап 8 млн. доллар бөлуінің арқасында Алматыда "Vitasoy" зауытының құрылысын салу жұмыстарының негізгі сатысын жүзеге асыра басады. "Vitasoy" жобасы бойынша Қазақстан Даму банкі бөлген 7 жылдық жалпы несие көлемі 2002-жылдан бері 15,5 млн. долларды құрады. Жылына 140 мың тонна соя өндіре алатын бұл зауытты биылғы жылы іске қосу жоспарланған. Ондағы соя ұнын өндіру көлемі 15 мың тонна, соя шротын өндіру көлемі 80 мың тонна, соя майын өндіру көлемі 25 мың тонна, азық-түліктік мақсаттағы соя ақуызын өндіру көлемі 15 мың тоннаны құрайды. Зауыттың бас директоры М.Потаповтың айтуынша, "Vitasoy" зауыты -ТМД аясындағы тұңғыш зауытқа жатады. Қазақсанның соя өндіру жөніндегі потенциалы тек ішкі қажеттілікті өтеп қана қоймай, ТМД және Еуропа елдерін де қамтамасыз етуге жеткілікті. Жоғары тиімді тұқым сорттарының болуы, қолайлы климаттық ахуал мен ауқымды егістік алқаптары Қазақстандық соя өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыра түседі дейді М.Потапов. Сонымен қатар, шетелдік өнімдермен салыстырғанда Қазақстандық сояның генетикалық өзгертілмей табиғи қалпын сақтауы оның стратегиялық артықшылығын қалыптастырып отыр. Бас директордың айтуынша, Қазақстан алдағы 4-5 жылда ТМД және Еуропа рыногында өзіне лайықты тұрақты позиция иемденеді. Сондай-ақ, Қазақстанда соя бұршағын өсіру экономикалық тұрғыдан тиімді болумен бірге ауылшаруашылығын диверсификациялау бағытындағы оңды қадамдардың бірі болып табылады,- дейді "Vita" компаниясының президенті. Оның айтуынша, еліміздегі соя түсімі бір гектардан орташа есеппен 40 центнерді құрайды. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 26 центнерді құрайтыны белгілі. Қазір еліміз бойынша бір маусымда соя өсіруден түсетін таза пайда бір гектардан 200 долларды құрайды. Өткен үш жылда елімізде соя бұршағын егу көлемі 10 есе артып, 35 мың гектарға жетті. Болашақта бұл мөлшерді 70 мың гектарға дейін жеткізу межеленіп отыр. М.Потаповтың айтуынша, Қазақстан жыл сайын 5 млн. тоннаға дейін соя бұршағын өсіре алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть