"Қазақстандық жаттықтырушы Қытайда мас күйінде табылды": Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандық жаттықтырушы Қытайда мас күйінде табылды": Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды

"Қазақстандық жаттықтырушы Қытайда мас күйінде табылды": Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жаттықтырушы мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табылып, Қазақстанның өкілдеріне берілген деген ақпарат тарады.   

  • 28 Қыркүйек 2023
  • 14778
Фото - Caravan.kz


Бұл мәліметті Азия ойындарының басы-қасында жүріп, ақпарат таратып жатқан спорт журналисі Аслан Қаженов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ия, бұл болған жағдай, біздің бапкер екені  расталды. Академиялық ескек есу деген спорт түрі бар, жарыстар өтіп жатыр. Оған қатысты қандай шара қолданатыны белгісіз. Неге олай істеді, алкаголь ішіп көшеде жату деген  шынымен де масқара жағдай. Қазақстандық делагацияға кір келтіретін нәрсе", — дейді журналист.

Журналист Ұлттық құрамадағы легионерлер нашар нәтиже көрсетіп жатқанын да жасырмады. 

"София Сподаренко деген легионер Ресейдің үздігі, шенеуніктер "мынау міндеттті түрде медаль әпередіі, ертең Парижде де медаль әпереді", деп айтты. Бірақ, бүгін финалға шыға алмапты, көріп көңілім түсіп кетті. Жарайды, қазақ қыз-жігіттері жеңіліп жатса түсінесің. Бірақ,  біз бұларды әкеліп, бірден ұлттық құрамаға қосып тұрмыз. Жүлде бермейсің бе енді? деген сияқты сұрақтар болады. Олар бәрібір бөтен, жақын қабылдай алмаймыз. Өз басым шетелден, әсіресе Ресейден спортшылар әкелуге қарсымын. Өйткені, олардың спортшылары әлемде масқара болып жатыр, жеңіске жетсе басқа спортшылар құттықтамайды да. Осындай кезде топырлатып әкеліп, өзіміздің балалардың жолын жабудың керегі жоқ. Әкеле беретін болсақ бізге ресейлік спортшыларға жол ашып берді деп санкциялар қолдануы мүмкін. Қазір спорт та саясат болып кетті ғой. Сондай кесірі тиіп бүкіл Қазақстан құрамасының жолы жабылып қала ма деп қорқасың", — дейді Аслан Каженов. 

Соңғы жаңалықтар