Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.

  • 16 Тамыз 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Елшіліктің ресми сайтының жазуынша, і с-шараға Елшіліктің дипломаттары, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің, «Ресей іздеу қозғалысы» ұйымының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Жауынгердің сүйегін 2022 жылдың 9 шілдесінде Ленинград облысының Тоснен ауданындағы «Заслон» іздеу тобы тапты. Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды — Дузбаев Қалей, 1902 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Ресейлік іздеушілер «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне хабарласып, олар сарбаздың туыстарын іздеуге кіріскен, өкінішке орай, оларды таба алмаған. Жақын арада жауынгерді туған жерінде толық құрметпен қайта жерлеу жоспарлануда.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев бұл күндері Калуга облысында әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық «Atamnyn Amanaty» біріктірілген іздестіру жасағы алғаш рет қатысып жатқанын айтты. Ол қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жақсарып, тың серпін алып жатқанына риза екенін жеткізді.


Өз кезегінде «Ресей іздеу қозғалысы» ұйымының өкілі Дмитрий Федосов Қалей Дүзбаевтың туыстары ерте ме, кеш пе табылып, бейітін зиярат ете алады деген үмітін және жауынгер тағдырына атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Қазақстандық және ресейлік іздеу жасақтарының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар