Жарияланды: 790

Қазақстандық зиялылар қауымы қоғамдағы исламның позициясын тұрақтандыруға атсалысуы тиіс - Ресей және Қытай институтының директоры

Қазақстан қоғамындағы ислам ролінің арта түсуі - қалыпты құбылыс, әрі дін - тұрақтылықтың нығаюына түрткі болады. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте Алматыда өткен "Орталық Азия аймағы мен оған таяу жатқан өңірдегі геосаяси ахуал" тақырыбындағы симпозиумда Ресей және Қытай институтының директоры Камал Бұрханов пікір білдірді.

Алайда, К.Бұрхановтың пікірінше, Қазақстанда қазір ваххабизм секілді фундаменталдық сипаттағы ислам кеңінен тарала бастады. Мұндай ағымдар діндарлардың сыртқы кескін-кейпі, киім киісі, басқа діндарлармен қарым-қатынасы, рухани жетекшіге табыну тәрізді жақтарын қатаң бақылау арқылы "жастарды орта ғасырларға қарай кері шегіндіруде" . К.Бұрхановтың пікірінше, мұндай ахуалды Қазақстан үшін исламның дәстүрлі түрлерін уағыздайтын зиялылар қауымы жөнге келтіре алады . Оның айтуынша, соңғы уақытқа дейін еліміздегі зиялылар қауымы қоғамдағы өзгерістерге статист сияқты сырттай ғана бақылау жасаумен шектеліп, кешірілмес күнәлі роль атқарып келді. Сондықтан да осындай санаткерлік әлеуетті әжетке жарату жолдарын табу қажеттігі туындап отыр. Атап айтсақ, дін қайраткерлерімен арадағы пікірталас та осындай құралдардың бірі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть