Қазақстандық-қырғыз шекарасында "Транзит" операциясы барысында қару мен оқ-дәрі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық-қырғыз шекарасында "Транзит" операциясы барысында қару мен оқ-дәрі тәркіленді

Қазақстандық-қырғыз шекарасында "Транзит" операциясы барысында қару мен оқ-дәрі тәркіленді

Жамбыл облысында қордай және меркі бағыттарында қазақстандық-қырғыз шекарасында "Транзит" операциясы жүргізіліп отыр, деп хабарлады республиканың ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

  • 2 Маусым 2014
  • 662
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күннің ішінде қазақстандық шекарашылар 1680 адамды ұстады, 8 килодай гашиш, 2,2 килодай героин және бір килодай марихуана тәркіленді, делінген дүйсенбіде таралған хабарламада.

Сонымен қатар, ақпаратқа қарағанда,13 көлік ұсталған, жарақаттаушы 8 тапанша, 120 –дан аса оқ тәркіленген.

1,5 кило алтын әшекейлері, 68 тонна халық тұтынатын тауар, 3,5 тоннадан аса дизель отыны, 8,5 тонна химиялық тыңайтқыш секілді заттардың контрабандалық жолмен өткізілуіне тойтарыс берілді.

Сонымен қатар, 47 ірі қара мал, 8 ұсақ мал, 12 түйе, 65 аттың әкетілуіне жол берілмеді, тасбақалардың партиясы тәркіленді, делінген онда.