Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Ол планшеттердің көмегімен қонақтар түрлі экспозицияларды тамашалап, түсіне алады. Содан кейін гаджеттерді ұйымдастырушыларға қайтарып берулері

  • 8 Тамыз 2017
  • 301
Фото - Caravan.kz

Ол планшеттердің көмегімен қонақтар түрлі экспозицияларды тамашалап, түсіне алады. Содан кейін гаджеттерді ұйымдастырушыларға қайтарып берулері тиіс. Алайда келушілер бұл тәртіпке бағынбаған.

Бұл туралы айтып берген, аты-жөнін құпия қалдырған ерікті кәріс тілін жақсы меңгерген. Сол себепті павильон иелерінің өзара талқылап жатқанын естіген екен.

“Ұйымдастырушылар аң-таң болып отыр. Ішке бір мезетте 50 адамға дейін кіре алады. Бірақ, біздік адамдар мұны түсінбей, кезекті бұза-жарып кіргісі келеді. Сөйтіп кіремін деп қолайсыздыққа тап болады, қоршауларды бұзып кетеді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды өз арасында, жұмсақтап айтқанда жетесіз деп санайды”, – дейді ол.


“Келушілер соңғы бөлмеге кірген кезде оларға планшеттер таратылады. Соның көмегімен олар таныса алады. Бірақ, шығар кезде бұл планшеттерді қайтару керек. Ал біздікілер бұны сый деп санайды да, құрылғыларды қайтармай кетеді. Екі айдың ішінде 20 планшет жоғалды. Өз басым қатты ұялдым”, – деді ерікті.

Кейінірек, Оңтүстік Корея мемлекетінің павильоны ұйымдастырушылар планшеттердің жоғалғанын ресми түрде растады және бұл туралы кеңірек түсініктеме беруге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар