Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады

Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдин Қазақстандық ХҚКО-лар үшін қандай жаңалықтар дайындалып жатқанын айтты.

  • 5 Мамыр 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, "Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.

"Клиенттер өз бетінше келіп, суретке түсіп, ең жақсысын өзі таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында осы терминалдарды іске қосамыз", — деді ол ОКҚ брифингінде.

2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген. 


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр