Қазақстандықтар “Көрісу” мерекесін атап өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар “Көрісу” мерекесін атап өтіп жатыр

Қазақстандықтар “Көрісу” мерекесін атап өтіп жатыр

Қазақстанның батыс аймақтарында бұл мерекеге “Көрісу” деп ат қойылып, айдар тағылған.

Бұл күні адамдар бір-бірімен құшақ айқастырып, төс қағыстырып амандасып, “бір жасың құтты болсын!”, “жылдан есен шығуыңмен” деп құттықтайды.

Этногра

  • 14 Наурыз 2017
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл күні адамдар бір-бірімен құшақ айқастырып, төс қағыстырып амандасып, “бір жасың құтты болсын!”, “жылдан есен шығуыңмен” деп құттықтайды.

Этнограф мамандардың айтуынша, 14 наурыз қазақтарда жылдың бастауы ретінде саналған. Ертедегі көшпелі заманда халқымыз күн мен түннің теңесуіне толық бір апта қалған кезде малдарын санап, қыстан аман шыққандарына қуанып, бір-бірімен қуана көрісетін болған. Сосын сәйкесінше Наурызды қарсы алу қамына кіріседі.


Бұл дәстүр көбінесе Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында сақталып қалған. Ал еліміздің басқа аймақтары бұл мерекені атап өтпейді десе де болады.

Соңғы жаңалықтар