Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

  • 28 Қаңтар 2019
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді", — деді ведомство басшысы Мәжілісте үкімет сағатында.

Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты. 

"Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жаслағаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадн асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды", — деді министр депутаттарға.


 

Соңғы жаңалықтар