Жарияланды: 320

Қазақстандықтар тамызда 3 күн демалады

Еліміздің тұрғындары тамыздың соңында үш күн демалады. Биыл мемлекеттік маңызды мерекелердің бірі - Конституция күні, яғни 30 тамыз жексенбіге сәйкес келейін деп тұр. Сондықтан айдың ең соңғы сенбі, жексенбі және дүйсенбісінде жұрт жұмысқа шықпайды.

Яғни, барлық аймақ 29, 30 және 31 тамызда демалады. Биыл Қазақстан Ата Заңымыздың  20 жылдығын атап өткелі отыр. Сондықтан әр облыс, аудан, ауылдарда мәдени шаралар ұйымдастырылып, салтанатты жиындар өтеді. Сондай-ақ, бұл дата Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айта кетейік еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған еді. Құжат кіріспе және 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін