Қазақстандықтар үйінің терезесін қайта жабдықтауға міндеттеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар үйінің терезесін қайта жабдықтауға міндеттеледі

Қазақстандықтар үйінің терезесін қайта жабдықтауға міндеттеледі

Жыл басынан бері 21 бала биіктен құлап кеткен. Терезеге торлар мен қауіпсіздік құлыптарын орнату арқылы осындай оқиғаларды азайту жоспарланып отыр

  • 1 Маусым 2020
  • 76
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте елордалық департаменттің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  Sputnik Қазақстан -ға сілтеме жасап. 

егізгі мақсат – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Ол үшін мемлекеттік стандартқа терезенің ашылатын жерлеріне торлар мен қауіпсіздік құлыптары сияқты арнайы құралдарды орнату талабын енгіздік", — дейді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланған. Бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.

"Өкінішке қарай, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Себебі олар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты
", — деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қауіпсіздік құлыбы және тордың бар-жоғын ешкім тексермейді. Бірақ халық арасында түсіндіру шаралары кеңінен жүргізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар