Қазақстандықтар жаңа жылға жайылатын дастархан үшін қанша теңге жұмсайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар жаңа жылға жайылатын дастархан үшін қанша теңге жұмсайды?

Қазақстандықтар жаңа жылға жайылатын дастархан үшін қанша теңге жұмсайды?

Жаңа жылдық дастархан мәзірін әзірлеуге қазақстандықтар орташа есеппен қанша ақша жұмсайтынын есептеп көрдік. Ол үшін халық жиі жүгінетін супермаркет сөресіндегі баға бойынша мәзірге ең керекті азық-түліктердің бағасын қараған едік. 

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 34
Фото - Caravan.kz

Жаңа жылдық дастарханның орташа құны — 49 377 теңгені құрады, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Көп асүй ханымдарының таңдауы басты тағам ретінде бешбармаққа түсетіндіктен алдымен қазының бағасын білдік. Сөйтсек, бір келінің орташа бағасы — 5090 теңге деп тұр. Сиыр етінің келісі 3500-ден болса, жылқы еті 3900 теңгеден. Етті тек бір келіден алмайтынымыз түсінікті. Ендеше, бұл сомалар еселенеді. Ал, ұнның 2 келісі — 619 теңге. Пияздың келісі — 105 теңге.

"Оливье" салаты:

Пісірілген шұжық — 1477 теңге

Майонез — 705 теңге

Маринадталған қияр — 1099 теңге

Консервіленген бұршақ — 559 теңге


Картоп — 275 теңге

Сәбіз — 160 теңге

Жұмыртқа — 1335 теңге.

Тәттілер:

Торт — 5500 теңге

Кәмпит — 2845 теңге

Жеміс-жидектер:

Мандарин 1 кг — 699 теңге;

Алма 2 кг — 938 теңге;

Апельсин 1 кг — 1405 теңге;

Банан —  512 теңге.

Сусындар: 

Coca-Cola, 2 л — 625 теңге;

Fanta, 1 л — 349 теңге;

Шырын 0,95 л — 565 теңге;

Тіскебасар: 

Шұжық — 1480 теңге

Сыр — 1349 теңге

Алкогольді сусындар:

Шампан — 1796

Сонымен, 4 адамдық шағын отбасылық дастарханның өзіне шамамен 49 377 теңгеге шығындалуға тура келеді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар