Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр, олардың ішінде 10 бала бар - ҚР СІМ . - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр, олардың ішінде 10 бала бар - ҚР СІМ .

Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр, олардың ішінде 10 бала бар - ҚР СІМ .

[wpcode id="1694287"] Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қы

  • 25 Тамыз 2017
  • 341
Фото - Caravan.kz


Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы қарулы қақтығыстар аймағынан шығарылғаны жайлы мәлімет алдық. Олардың ішінде бір ер адам, үш әйел және он бала бар. Қазіргі уақытта олар Иракта, эвакуацияға дайындалып жатыр. Иорданиядағы Қазақстан елшілігінде дипломаттарымыз осы мәселемен айналысып жатыр. Кейінірек толығырақ мәлімет берілетін болады", — деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында. Еске сала кетейік, осыған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров гуманитарлық операция аясында Ирактың Таль-Афар қаласынан алты ресейлік пен алты қазақстандық азаматтың эвакуацияланғанын айтқан болатын. Қадыровтың айтуынша, адамдарды босату операциясына Ирактың арнайы қызметіндегілер мен құқық қорғау органдары қатысып жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар