Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді

Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді

Елорда уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді.

  • 9 Маусым 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады.

Өткен 2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер саны 68,48% -ті құраған болатын.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.


 

 

 

Соңғы жаңалықтар