Қазақстандықтардың 59%-ы еңбекке жарамды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 59%-ы еңбекке жарамды

Қазақстандықтардың 59%-ы еңбекке жарамды

2018 жылдың І тоқсанында Қазақстан халқының саны 18,2 млн адамды құрады.

  • 10 Мамыр 2018
  • 109
Фото - Caravan.kz

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басында 15 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер саны 5,3 миллионға жетті. Бұл жалпы Қазақстан халқы санының 29,4%-ын құрайды.

63 жастан асқан ер адамдар мен 58 жастан асқан әйел адамдар саны 2,1 млн адамды құрады. Бұл жалпы халық санының 11,3%-ы.

Балалар мен жасөспірімдерге қажетті қаражатты ата-аналары беріп отырады. ҚР-дағы 32 Екінші дәрежелі банктердің бесеуі 1-ден 5 жылға дейін балалар депозитін ашуды ұсынады. Орташа сегментегі ЖТСМ-нің (жылдық тиімді сыйақы мөлшері) өзге салымдардан айырмашылығы жоқ — 11,6% 11,9%-ға қарама-қарсы.

Ең жоғары ЖТСМ AsiaCredit (2 жылға) және Астана (3 жылға) банктерінде. Екі банкте сыйақы мөлшері 14%-ға дейін жетеді.

Салымның ең төменгі сомасы 5 мың (AsiaCredit, Астана банкі және Сбербанк) мен 15 мың (Bank RBK) аралығында.

Сондай-ақ, екінші дәрежелі банктер қатарындағы Халық банк пен Qazkom зейнеткерлерге тиімді шарттары бар депозит бағдарламаларын ұсынып отыр.


Халық банктің жылдық сыйақы мөлшері — 12,3%, Qazkom банкінде — 11,6%. Халық банктегі салымның ең төменгі мөлшері 2 мың теңге, ал Qazkom банкіндегі ең төменгі салым мөлшері – 15 мың теңге.

Оқи отырыңыз:

Астана 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

Головкин Канеломен жекпе-жек өткізгеннен соң Деревянченкомен жұдырықтасады

Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы қаза тапты

Соңғы жаңалықтар