Қазақстандықтардың 73% жуығы діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 73% жуығы діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді

Қазақстандықтардың 73% жуығы діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді

Саяси зерттеулер институтының (СЗИ) маусым айының бірінші жартысында жүргізген зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 72,9% түрлі діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 523
Фото - Caravan.kz

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бір бөлігі (36,6%) бұл бастаманы радикалды және құрылымды бұзатын секталарға қатысты ғана қолдайды. Осыншама бөлігі (36,3%) елдегі жалпы қауіпсіздікті нығайту мақсатында барлық ұйымдарға бақылауды күшейту керек деген пікірде», – делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Зерттеуге сәйкес, бақылауды қатаңдатуға қарсылық білдірушілердің саны аз. «Сауалнамаға қатысқандардың 14,8% ғана бұл азаматтардың діни наным-сенім бостандығын бұзады деп есептейді. Бұл тұрғыда Астана тұрғындарының 25,6% діни наным-сенім бостандығы құқығын қорғап шықты», – делінген ақпаратта.

Қоғамдық сауалнамаға Астана, Алматы және 14 облыс орталығының 2302 тұрғыны қатысты.

Соңғы жаңалықтар