Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр - зерттеу

Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр - зерттеу

Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап  өсіп жатыр. Мұндай пікірді Antal Kazakhstan компаниясының мамандары айтып отыр.

  • 14 Маусым 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Сарапшылардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан 1035 адамның 48 пайызы жалақысының өскенін айтқан. Айта кетейік, сауалнамаға қарапайым мамандардан бастап топ-менеджерлерге дейін қатысқан. "Қазақстандықтардың жалақысы аздап өсіп жатыр. Компанияларда жұмыс істейтіндердің жалақысы орта есеппен 5-10 пайызға өскен", — дейді компаниясы басшысы Анна Ковинская. 

Сондай-ақ, сарапшы қазақстандықтардың одан да көп жалақысы алғысы келетіндерін айтады.


"Жұмыс ауыстырған кезде қазақстандықтар жалақысының көбейгенін қалайды: 20 пайыздан жоғары. Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 48 пайызы жаңа жұмыс іздегенде ең басты жалақының әрі қарай өсуі екенін айтады", — дейді сарапшы.
 

Соңғы жаңалықтар