"Өткізу пункттері маусымның басынан бастап алынып тасталады. Сәйкесінше, облыстар мен облыс орталықтары арасындағы автомобиль қатынасы қалпына келтіріледі, бұл тұрғындарға теміржол немесе автобус қызметтерінен басқа, өздеріне тиесілі автокөлік құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді", — деді ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Бұған дейін Қазақстанда 1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынып тасталатыны жарияланған болатын.