Қазақстанға балалар ойыншықтарын әкелуге шектеу енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға балалар ойыншықтарын әкелуге шектеу енгізілді

Қазақстанға балалар ойыншықтарын әкелуге шектеу енгізілді

Қазақстанда өндірілген орны белгісіз балалар ойыншықтарын әкелуге және оларды сатуға шектеу қойылды. 

  • 11 Шiлде 2014
  • 513
Фото - Caravan.kz


ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Қазақстанға балалар ойыншықтарын әкелуге және оларды ел аумағында сатуға шектеу енгізді, деп хабарлайды DKNews ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі 2014 жылдың 10 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына Кедендік одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сай келмейтін балалар ойыншықтары мен ойындарын әкелу мен сатуға шектеу қою бойынша уақытша санитарлық шараларды енгізді», — делінген хабарламада.
Хабарламада атап өтілгендей, мониторинг нәтижесінде агенттік республиканың тұтынушылық нарығында сатылып жатқан өндірілген орны белгісіз ойыншықтардың құрамында формальдегидтің шекті мөлшері — 6 есеге, фенол — 9 есеге, шекті дыбыс деңгейінің көрсеткіші — 1,5 есеге артық екенін анықтаған. Сондай-ақ бұл ойыншықтар органолептикалық көрсеткіштер (түс, бояу, иіс т.б.) бойынша да талаптарға сәйкес келмеген.
Осыған байланысты ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі қазақстандықтарды ойыншықтарды сатып алар алдында сәйкестік сертификатын немесе басқа да қосалқы құжаттарды талап етулерін және өнімнің сапасы мен таңбалануына назар аударуларын сұрайды. Қауіпті әрі сапасыз ойыншықты сатып алған жағдайда тұтынушылар агенттікке шағым білдіре алады.